Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Малиде Құрбан айт намазы кезінде президентті өлтірмек болды

Малидің уақытша президенті Ассими Гоитаға Бамакода шабуыл жасалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Соңғы мәлімет бойынша шабуылға қарулы екі адам қатысқан, біреуінің қолында пышақ болған.

Франс Пресс агенттігінің журналисі шабуылға куә болды, оқиға ел астанасының Үлкен мешітіндегі Құрбан айт намазы кезінде болғаны хабарланды.

Мали басшысын оқиға орнынан алып кетті.  

"Имам уағыз айтып, дұға жасағаннан кейін жас жігіт Ассимидің арт жағынан пышақ ұрмақ болды, бірақ басқа адам жарақат алды", – деді мешіт басқарушысы Латюс Туре.

Президенттің айналасындағылар бұл шабуылды адам өлтіруге оқталу ретінде қарастырып отыр.

Малидегі әскери ақпарат көзі президентті өлтірмек болған екі адамның тұтқындалғанын хабарлады. Сондай-ақ дереккөз мемлекет басшысы қастандық кезінде жарақат алмағанын растады.

Айта кетсек, Малиде әскерилер мамырдың соңында уақытша президент Ба Ндау мен елдің премьер-министрін тұтқындады. Кейінірек вице-президент Ассими Гоита президент пен премьер-министрді өтпелі кезең хартиясын бұзғаны үшін қызметінен босатқанын мәлімдеді. Гоита басқаратын әскери кеңес ел тізгінін өз қолына алып, келесі жылы Малиде президент және парламент сайлаулары өткізілетінін жариялады. Гоитаның өзі өтпелі кезең президенті болды.  

Талқылау