Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құранды өртеген иммигрант Швециядан Иракқа депортациялануы мүмкін

Құранды өртеуді ұйымдастырған ирактық иммигрант Салван Момика Швециядан шығарылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Iraqi News сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: AFP

Порталдың хабарлауынша, иммиграциялық қызмет оның Швецияға кіруіне 5 жылға тыйым салды. 

"Швецияның иммиграциялық қызметі Момиканы елден депортациялау туралы шешім қабылдады. Жылдам депортациялауда біраз кедергілер туындағандықтан оған 2023 жылдың 25 қазаны мен 2024 жылдың 16 сәуірі аралығында уақытша тұруға рұқсат берілді", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде Салван Момика бұл шешімге қарсы шығатынын мәлімдеген.

"Жарты сағат бұрын маған хабарлама келді. Олар менің тұруға рұқсатымның мерзімі біткен соң елден кеткенімді қалайды. Олар мені қабылдайтын ел табуым керегін айтты, әйтпесе Иракқа жіберетінін мәлімдеді", - деді ол.

37 жастағы Момика Швецияның әртүрлі жерлерінде Құран көшірмелерін өртеп, қорлаған бірнеше шерулер ұйымдастырғаннан кейін көптеген елдер мен ислам ұйымдарының наразылығын тудырды. Бұл шерулердің алғашқысы 28 маусымда Стокгольмнің орталық мешітінде өтіп, онда ирактық иммигрант қасиетті кітаптың бірнеше бетін жыртып, өртеп жіберген.

Ирак халықаралық қылмыстық полиция ұйымы Швецияда Құран жағушыны тұтқындап, Бағдадқа экстрадициялауға шақырды.

Талқылау