Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәсімовтен тәркіленген қаламдар 900 мың теңгеге сатылды

Мәсімовтен тәркіленген қаламдар 900 мың теңгеге сатылды
Фото: e-kazyna.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген заттар заттар аукционда сатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Мәсімовтің үйінен табылған он түрлі бағалы бұйымды сатуға шығарды. Олардың ішінде жазу қаламдары, қылыштар, қанжарлар, коллекциялық монеталар және ұлттық өрнегі бар белдік бар.

Сатылымға шығарылған мүліктің жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асады.

Аукцион 7 қазан күні электронды сауда алаңында өтіп, он бұйымның жетеуі сатылды.

Сатылғандардың ішінде:

- Montegrappa Italia күміс (925 сынама) – 440 мың теңгеге сатылды;

- Visconti Firenze қаламы (Құран сүрелерімен безендірілген) – 402 мың теңгеге;

- Сабы сүйектен жасалған қылыш – 930 мың теңге;

- Сары металдан жасалған өрнекті қылыш – 837 мың теңге;

- Болат қанжар қынымен бірге – 185 мың теңге;

- "Алма отаны", "Астана", "Бәйтерек" және "Қазақстан картасы" атты коллекциялық монеталар жиынтығы – шамамен 199 мың теңгеге сатылды;

- Тағы екі монета – 1000 теңгелік “Қазақстан елтаңбасы” (2003) және 500 теңгелік "Еуразия елдерінің астаналары"(2008) – 82 999
теңгеге өтті.

Айта кетейік, Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұл бұйымдарды екінші рет сатылымға шығарды. 16 қыркүйекте өткізілген алғашқы аукционда бұл бұйымдарға сатып алушы табылмаған еді.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 07 Қазан, 2025 22:50
Талқылау