Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құран – бұл Құдай сөзі, ал хадистер – тек фольклор ғана – Серік Рысжанов

Құранның орыс тіліне аударған Серік Рысжанов хадистердің Құраннан айырмашылығы, пайғамбардың қандай болғаны туралы ойы мен неліктен арнайы діни білімі жоқ екені туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Рысжанов

Арманжан Байтасовтың YouTube арнасына екінші рет қонаққа келгн Серік Рысжанов қазақстандықтарды толғандыратын сұрақтарға жауап берді. Серік Рысжанов – публицист, Құранның орыс тіліндегі аудармасының авторы, жеке Narok қорының негізін салушы. 

Рысжанов "неліктен арнайы білім жоқ адамның Құранды аударып шыққанына" қатысты сұраққа жауап берді. 

"Құранды діни білім амаған адамдар да аударған. Мысалы, бұлар Постников, Веревкин, Николаев, Крачовский, Шумовский және т.б. Олар Құранды орыс тіліне аударды, ал олардың еңбектері ғылыми ортада да қолданылады", – деді ол Baitassov Live бағдарламасына берген сұхбатында. 

Ол Абайдың да тек медресені аяқтағанын айтып өтті. Сөзінше, ақынның жоғары діни және философиялық білімі болмаған.

"Бірақ ол философ ретінде танылды. Меніңше, мәселе діни білімде емес, ақпаратты түсініп, сараптап, адамдарға жеткізе білу қабілетінде. Құдайдың біреу екенін, ешкімді өлтіріп, тонауға болмайтынын түсіну үшін арнайы діни білім алудың керегі жоқ", – деді ол. 

Рысжанов Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Лебедевтің оқулығы бойынша Құранаға арналған араб тілін меңгергенін мәлімдеді. Лебедев IX ғасыр ғалымы, араб грамматикасының имамы ретінде танылған Сибавейхидің еңбектері негізінде өз әдіснамасын ойлап тапқан.



Серік Рысжанов пайғамбардың беделін түсіргісі келмейтінін, тек оның есімін жала мен өтіріктен тазартқысы келетінін айтты. 

"Шын мәнінде мен Мұхаммед пайғамдардың атын жала мен өтіріктен тазартқым келеді", – деді Рысжанов сұхбат кезінде. 

Құран немесе хадис?

Публицисттің сөзінше, Құран – Құдай сөзі, ал хадистер – Құдайдың елшісі туралы адамдардың естелігі негізінде жазылған әңгімелер. 

"Осы еңбектердің бір қабатын Құдай елшісінің сүннеті деп атап кетті. Сондықтан бізге Құран мен пайғамбардың сүннетіне еру керек деп айтады", – деп қосты Рысжанов. 

Аудармашы Құранда да "сүннет" сөзінің кездеседі дейді

"Қазір сүннет деп пайғамбардың өмір салтын, оның әрекеті мен шешімдерін айтады. Ал Құранға қарайтын болсақ, мұнда да "сүннет" сөзінің қолданылғанын көреміз. Бұл сөз "заң" болып аударылады. Яғни сүннет дегеніміз Құдайдың заңы дегенді білдіреді. Ал пайғамдар осы заңдарды ұстанған. Әңгіме осыда. Пайғамбар секілді Құдайдың заңын ұстану керек", – деп түсіндірді ол. 

Серік Рысжанов хадистерді "тарих, мәдениет, ескі сөздер мен миф, фольклор" деп түсінетінін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Серік Рысжанов кей сүннеттердің педофилияны ашық насихаттайтынын мәлімдеген еді. 

 

Талқылау