“Құрамамызда небәрі 5 кәсіби футболшы бар” — Лихтенштейннің бас бапкері
Фото:Ашық дереккөзден
Лихтенштейн командасының бас бапкер Конрад Фюнфштюк Қазақстан ұлттық құрамасына қарсы өтетін матч қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізіп, алдағы ойынға дайындықтары қалай өтіп өтіп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Бізді жылы қарсы алғандарыңызға рақмет. Қазақстан — достық пен қонақжай ел. Әрине, мұндай ұзақ ұшу біз үшін үйреншікті емес, бірақ команда бұл сынақтан жақсы өтеді деп ойлаймын”, — деді Конрад Фюнфштюк.
Сонымен қатар бапкер қос команданы салыстыру дұрыс емес екенін, құрамада небәрі 5 кәсіби ойыншы бар екенін айтуда.
“Қазақстан мен Лихтенштейнді салыстыру дұрыс емес. Біздің елде небәрі 30 мың адам тұрады. Командада бар болғаны 5 кәсіби ойыншы бар, ал қалғандары басқа салада жұмыс істейді. Олар мұнда келу үшін тіпті жұмыстан демалыс алады. Бірақ соған қарамастан, біз бар күшімізді саламыз”, — деді ол.
Фюнфштюк Қазақстанда кәсіби, жоғарғы деңгейде футболшылар бар екенін, алайда ешнәрсеге қарамай құрамасына жігер беріп жатқанын айтты.
“Қазақстан — үлкен футбол елі. Мұнда кәсіби, жоғары деңгейлі ойыншылар бар. Біз бұған дейін Бельгия, Солтүстік Македония және Уэльспен жақсы ойындар өткіздік. Сондықтан мүмкіндігіміз шектеулі болса да, өз ойынымызды көрсетуге тырысамыз. Қазақстан үйде ойнайды, олар фаворит. Ал біз үшін басты мақсат — берілмеу және өзімізге сену", — деді бапкер.
Кейбір журналистердің құрамада расымен “балықшылар мен пошташылар ойнайды деген рас па?” деген сауалына қатысты да жауап берді.
“Иә, кейбір жігіттер расымен басқа мамандық иелері. Бірақ олардың бәрі ел намысы үшін ойнайды. Біз өз мүмкіндігімізді білеміз. Егер Қазақстанмен 0:0 есебімен тең түссек — бұл біз үшін үлкен жетістік болады”, — деп жауап берді бас бапкер.
Айта кетейік, 10 қазан күні яғни бүгін Елорда төрінде “Астана” аренада Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді қабылдайды.

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
