"Құны – 7 миллион теңге": Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова өзіне қымбат сыйлық жасады
Танымал әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова қымбат сыйлық алғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі Ақбота-Нұр жаңалығын жеке парақшасында жария етіп, өзіне жасаған аса қымбат сыйлығын көпшілікке көрсетті.
Шоу-бизнес жұлдызы көптен бері қалап жүрген Cartier брендінен сағат сатып алған. Оның құны – 7 млн теңге.
Эстрада жұлдызы дүкенге барған сәтінен фото жариялап, қуанышын оқырмандарына бөлісті.
Сондай-ақ әнші философиялық мағынаға негізделген жазбасымен де ел талқысына түсті.
“Нағыз өзін-өзі құрметтеу – барлық адамға ұнауға тырысу емес, өзіңіздің шынайы болмысыңызға адал болу”, – деді өнер иесі.
Фото: https://www.instagram.com/akbotanurabaykyzy/
Еске салайық, Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова қалыңдық көйлегін киіп қызу талқыға түскен еді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"