"Құны – 4 миллион теңге": Қайрат Әділгерей трендтегі ойыннан жеңіліп қалып, жарына қымбат сыйлық берді
Фото: Видеодан скриншот
Танымал актер Қайрат Әділгерей әлеуметтік желіде таралып жатқан трендтегі ойыннан жеңіліп қалып, әйеліне қымбат сыйлық берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әйелінің қалап жүрген бренд сағатын сатып алды.
“Ойыннан от шықты. Бақытқа бренд сағатын алып берейін деп тұрмын. Өзім осы жақтан тегін кофе ішемін. Бүйрегімді сатып келе жатырмын”, – деп әзілдеді актер.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ойынды қызу талқылады.
“Осындай жұп көп болсын!", "Қайрат романтик екенін дәлелдеді”, “4 миллион теңге тұратын сағатты сыйлай салды”, “Бәріміз де ойнап көрдік, бірақ алып берген сыйлығы жоқ”, Енді тренд түсірмейтіндей болған шығар”, – деп жазды көпшілік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген