Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құны 3000 АҚШ доллары": Заттыбек Көпбосынұлы тікелей эфирде қолындағы сағатын сыйлады

Белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлы тікелей эфирде бағдарлама жүргізушісіне құны қымбат тұратын сағатын сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бағдарлама тізгінін ұстаған танымал әзілкеш Ғалым Махамбетов әншінің образын мақтады.

“Шалбарымды шешіп бере алмаймын. Бірақ сағатқа көзің түсіп отыр екен, өзіңе сыйладым. Қазақ көзі түскен нәрсені беріп жіберген. Игілігіңе тақ”, – деді сағатты шешіп жатып. 

Мұндайды күтпеген бағдарлама жүргізушілері абдырап қалды. Ғалымның өзі “Енді тек сіздің ғана әндеріңізді тыңдаймын. Құны 3000 АҚШ доллары тұратын сағат менде ғана бар”, – деп әзілдеді.

Мұндай мәрттікті күтпеген әншінің оқырмандары жарыса жомарттыққа балап жатыр.  

Сонымен қатар, Заттыбек Көпбосынұлы әнші Ақбота Керімбековамен құда болғысы келетінін де айтып қалды. 

“Бір тойда қызыма Ақбота сырға сыйлаған. Қызым дүниеге келмей тұрып, “құда болғым келеді сенімен” дейтін Ақбота. Сол тілегі қабыл болды”, – дейді әнші. 

 

Талқылау