Құлыбаевтар Астана халықаралық қаржы орталығында жаңа холдингтік компания құрды
Фото: respublika.kz.media
Астана халықаралық қаржы орталығында 10 мың долларлық (5,39 миллион теңге) жарғылық капиталы бар жаңа холдинг Almex Holding Limited құрды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finmentor.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа компанияның директоры болып Жомарт Нұрабаев тағайындалды. Сонымен қатар ол "Алмэкс" холдингтік тобы" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарады. Осы құрылым арқылы Құлыбаевтар Қазақстан Халық Банкінің 56,39%-ына иелік етеді.
Компанияның бас атқарушы директоры (СЕО) болып Жантас Абдуллов тағайындалды. Ол "Алмэкс" холдингтік тобы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары ретінде қызметке келді.
Тимур Құлыбаев құны 250 миллион теңге тұратын тағы бір жер телімінен айырылды
Қазақстандағы ең бай адамдар рейтингінде деректер жаңарды: Вячеслав Ким қайтадан көш бастады
Еске салайық, бұған дейін Тимур Құлыбаевтың компаниясынанОрал жағалауындағы жер учаскесі тәркіленгенін жазған едік. Осыған байланысты, Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті сотқа жүгініп, жерді мемлекетке қайтаруды сұрайды. 2024 жылы 7 маусымда сот талап арызды қанағаттандырып, 0,3046 га жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
