Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев мемлекетке опасыздық жасаған қытайтанушы Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады

Белгілі саясаткер Андрей Чеботорев қытайтанушы, профессор Константин Сыроежкинге Қазақстан президенті рақымшылық жасағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қазақстандық халықаралық адам құқықтары және заңдылық бюросы

"Өткен жаздан жақсы жаңалық! Қазақстан Республикасы президенті жанындағы рақымшылық істері жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықпен белгілі синолог, саяси ғылымдар докторы, профессор Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады", – деп мәлімдеме жасады Андрей Чеботорев желідегі парақшасында.

Осыған байланысты оның соттылығы жойылып, құқығы қалпына келтірілді. 

"Жалпы, әділет салтанат құрды! Әріптесіміз бен тәлімгерімізге зор денсаулық және жаңа ғылыми жетістіктер тілеймін!" – деді саясаткер.

Айта кетейік, 2006 жылдан бастап Константин Сыроежкин Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері болды. Ол сонымен қатар Қазақ КСР Ғылым Академиясының ұйғыртану институтында (1986-1992); Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Шығыстану орталығында (1992-1996) жұмыс істеді. Бірқатар ғылыми және әдеби еңбектердің авторы.



Еске салайық, 2019 жылдың мамыр айында оның ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Сыроежкин елге сатқындық жасады деген күдікке ілінген. Ал 2019 жылдың қазанында ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Саясаттанушы жазасын өтегеннен кейін елден шығарылатыны да айтылған еді. Ол бес жыл қамауда отырған соң мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

Талқылау