Құдайдың құдіреті: Измирде жер сілкінісінен кейін 4 күн үйінді астында жатқан төрт жасар қыз құтқарылды
Стамбұлдағы Кадыкей ауданында құтқарушы қызметкер Нусрет Аксой 4 жасар қыздың үйінді астынан табылғанын айтты. Қыз бала жер сілкінісі кезінде құлаған ғимарат астында қалып, 4 күн бойы жатып қалған.
Құтқарған сәтте қыз бала есін білген. Құтқару топтары бес тұрғын үйдің үйінділері астында зардап шеккендерді іздеуді жалғастырып жатыр.
«91 сағаттан кейін табылған кереметтей қыздың аты - Аида. Құдайға шүкір», - деп жазды қоршаған орта және қала құрылысы министрі Мұрат Курум Twitter-де.
Түрік құтқарушылары Измир провинциясында 6,6 баллдық жер сілкінісінен кейін тағы бір баланы үйінділер арасынан алып шықты.
Төрт жасар Аида Гезгин үйінділер астында 91 сағат жатты. Құтқарушы топ Измирдің Байракли ауданындағы ғимараттың қирандылары астынан қыздың айқайын естіген.
Түркиядағы жер сілкінісі: Ер адам 33 сағат бойы үйінділердің астында жатқан
Нусрет Аксой журналистерге қыздың ас үйден табылғанын, ыдыс жуғыштың алдында қысылып қалғанын айтты.
Еске салайық, Түркияның Эгей аймағында болған күшті жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 100 адамға жетті.
147 зардап шегуші әлі емделуде, тағы 847 зардап шеккен азамат ауруханалардан шығарылды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
