Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылардың күзгі демалыста неше күн демалатыны белгілі болды

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Күзгі демалыста мектеп оқушылары жеті күн демалады, яғни 30 қазан мен 5 қараша аралығы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалысы мен бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғаны дамыту мақсатында "Бірыңғай білім беру бағдарламасы" аясында іс-шаралар жоспарын ұсынды: 

жоғары сынып оқушыларымен және ата-аналармен бірлесіп ғылыми жоба жұмысының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыру, ЖОО оқытушыларымен кездесу, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;

"Балалар кітапханасы" жобасын жүзеге асыру аясында оқырмандармен кездесу және оқылған әдебиеттерді талқылау;

"Отбасы дәстүрі" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу, "ұстаз – бала – ата – ана" бірлесе отырып отбасылық дәстүрлер туралы әңгімелесу;

Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай "Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін оқыту" тақырыбында студенттер арасында эссе және жобалық жұмыстар жазу;

Оқушылар арасында "Өнегелі өмір" тақырыбында эссе байқауын өткізу, балалардың үздік жұмыстарын атап өту;

ата-аналармен және оқушылармен бірлесіп "Денсаулықтың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қимыл-қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл-күй, күйзеліс жоқ" тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу;

"Әкеге құрмет, анаға ізет" тақырыбында "Жас ақындар айтысы" сайысын ұйымдастыру, жеңімпаздарды марапаттау.

"Бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсынымдар ретінде жіберіледі", - деп хабарлады министрлік. 

Талқылау