Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күздің ең жылы күндері келе жатыр: Демалысқа арналған ауа райы болжамы

2020 жылғы 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы белгілі болды, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері елімізде күн жылып, мизам шуақ болады. Дегенмен, кейбір өңірлерде жаңбыр жауып, тұман болу ықтималдығы басым. 

"Үш күн бойы Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының алдыңғы бөлігінің ықпалында болады, ол ауа температурасының жоғарылауын тудырады.  Алайда кей жерлерде найзағай ойнап,  өткінші жаңбыр өтеді. Тек еліміздің шығысында жауын-шашын болмайды, ал түнгі және таңғы уақытта кей жерлерде үсік және тұман байқалады", - деп хабарлайды Қазгидромет.

STAN.KZ
Жұма, 11 Қыркүйек, 2020 10:18
Талқылау