Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйзелістен пайда болған": Әли Оқапов көптен жасырған сырқатын айтты

али окапов әнші Фото: https://www.instagram.com/aliokapov/

“Құрмет” орденін алған әнші Әли Оқапов сырқаттанып жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иес көптен сырқаттанып жүргенін айтты. 

“Мұндай жағдайды бастан кештім. Дисфония деген сырқат бар. Маған ол алты жыл бұрын пайда болды, әлі де бар. Қазір сонымен күресіп жүрмін. Соңғы бірнеше жылда 5-10 пайызға жақсарып келеді. Соған бейімделіп, қайта ән айтуға үйрендім. Бұл өте сирек кездесетін ауру. Себебі белгісіз. Біреулер мұны психологиялық күйзелістен дейді. Кей адамдарда жұмыс, отбасы, жеке өмір бөлек болады. Ал менде бәрі өнермен байланысқан: отбасым да, махаббатым да, достарым да, өмірім де – өнер. Сондықтан кез келген мәселе бірден барлығына әсер етеді. Жеке өмірімде үлкен қиындық болды, оның салдары жұмысым мен отбасымның да өміріне ықпал етті", – деді әнші  Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында. 



Сондай-ақ өнер жұлдызы шығармашылықтың адамы болғасын жиі күйзеліске түсетінін жасырмады. 

“Өнер адамы болғаннан кейін бүкіл ауыртпалықты жүрегіме қабылдаймын. Күйзеліске түсіп, даусымды жоғалтып алдым. Нақты себебін айта алмаймын. Бірнеше жағдай қабаттасты. Өзімнің қалпыма келу үшін уақыт керек болды. Өнердің адамы болғасын эмоцияға ерік бермесең, өнеріңе кері әсерін тигізеді. Сен эмоцияға, сезімге жақын болуың керек. Соның нәтижесі – ән, шығарма, ойлар, шабыт. Сен оны басқаша шығара алмайсың. Мен – композитормын. Маған жаңа әннің идеясын құрастыру үшін сол сезімдерді бастан өткеру керек”, – дейді әнші. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 12 Қыркүйек, 2025 16:50
Талқылау