Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуіне жайлы жағдай жасамақ болған": Шымкентте әйелі түрме басшысына пара берген

Шымкент қаласының тұрғыны түрме бастығына пара бермек болған. Азаматтық некедегі күйеуіне жағдай жасау үшін түрме басшысына 1500 доллар пара берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алайда колония бастығы оны бірден тиісті органдарға ұстап берген. Бұл әйел оқиғаның бұлай болатынын күтпеген сияқты. Ол түрмедегі азаматтық жұбайына жайлы жағдай жасау үшін колония бастығына пара алып келді. Пара сомасы 1500 долларды құрады.

Ұсталған әйел адам полицияның сұрақтарына жауап беруден бас тартқан. Ол сотталушының өтініші бойынша түрме бастығына ақша бермек болған. 


Павлодарда үш аса қауіпті қылмыскер колониядан қашып кеткен: Ақпаратқа қатысты деректер белгілі болды 


Енді жайлы жағдайдың орнына жазасын өтеушіге тағы қосымша жаза тағайындалады және азаматтық некедегі әйелі де жауапқа тартылады.

"Пара беру" бабы бойынша қылмыстық ісі қозғалды. Оның жұбайы пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Олар Қарағанды тергеу изоляторының қызметкері мен тұтқындарына пара беруге тырысты. Камераға екі ұялы телефонды кіргізу үшін 30 мың теңге ұсынылды. Ұялы телефондарды кедергісіз пайдалану үшін қосымша сыйақы берілетін боп келісілген.

"Үнсіз отыру үшін апта сайын оған 100 мың теңге беруді ұсынды. Бірақ қызметкер бас тартып, басшылыққа және басқа қызметтерге хабарлады", - деді Рустам КАЮПОВ, Қарағанды облысы ҚАЖД баспасөз хатшысы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр