AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуімнің көзінен махаббатты көремін": Аша Матай диетасыз қалай арықтағанын айтты

Аша Матай арықтауының құпиясымен бөлісті. Екі қызды дүниеге әкелген тележүргізуші босанғаннан кейін қалыпқа келуінің құпиясын ашты, деп хабарлайды Stan.kz.

Диета... Салмақ тастауды мақсат еткен кез келген қыздың ойына келетін алғашқы сөз. Алайда Аша Матай диетасыз едәуір салмақтан арылуға болатынын айтады. 

"Қыздар, мен диетаға қарсымын. Әртүрлі түрін ұстап көрдім:
1) Тек қарақұмықта отырдым
2) 18:00-ден кейін тамақ ішпедім
3) Жеміс пен көкөніс қана жедім
4) Тек қана су іштім", – деп тәжірибесімен бөлісті Аша.

Тележүргізушінің айтуынша, ағзаны қатаң диетамен "қинау" дұрыс емес. 

"Бұл ағза үшін стресс, екіншіден, өзіңді үнемі әлсіз сезінесің әрі ашушаң боласың. Өтінемін, олай жасамаңыздар. Мен дұрыс әрі дәмді тамақтануды таңдаймын", – деп түсіндірді ол.

Дұрыс тамақтанудан бөлек, спорт та мүсінімді қалыпқа келтіруге көмектесті дейді ол.



"Сымбатты дене дегеніміз өзіңмен жұмыс істеу және тәртіп. Тренерге баруға өзімді мәжбүрледім. Оған қазір қуанамын. Менің жаттықтырушымның арықтау бойынша қайталанбас әдісі бар. Қазір мен спортты сүйемін, өзімді жақсы көремін. Өзіме сенімдімін және күйеуімнің көзінен махаббатты көремін. 

Қорытынды: Бақытты әрі қалаулы болғыңыз келе ме? Аз ғана күш жұмсап, өзіңіздің үздік нұсқаңызға айналыңыз", – деп кеңесін айтты Аша. 

Айта кетейік, Аша бірінші жүктілігінен кейін 7 айда 32 келіден, ал екінші жүктілігінен кейін 4 айда 19 келіден арылғанын айтқан еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр