Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуіммен керісу болды": Айжан Аймағанова Бишімбаевтың сотынан кейін отбасындағы жағдайдың өзгергенін айтты

Айжан Аймағанова Бишімбаевтың сотынан кейін отбасындағы жағдайдың өзгергенін айттыФото: Видеодан скрин

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова Динара Сәтжанға берген сұхбатында өмірінің бастан-аяқ өзгергенін айтты.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Прокурор атышулы соттан кейінгі танымалдық өміріне көп өзгеріс әкеліп, тіпті кесірін тигізгенін жасырмады.

“Бұл істен кейін өмірін түбегейлі өзгерді. Өзім тұйық адаммын, жұмыс істейтін салам да танымалдықен ұштаспайды. Өзім көпшілік алдында жүрген адам емес едім, оған дайын да болмадым, ұмтылмадым да. Мен өз проблемалары, отбасы бар қарапайым адаммын. Үй киіммен алаңсыз далаға шығудан қалдым. Бірақ мұндай құрылымда жұмыс істеп жүріп, танымал болу өте қиын. Күйуім, блаларым бар. Күйеуіммен жақында ғана өмірімізді қайта қалыпқа келтіре бастадық. Керісіп қалатын сәттер болды. Балаларыма да мен туралы айтатын адамдар бар. Сондықтан мен үшін қиын болды”, – деп мойындады Айжан Аймағанова.

Десе де қазір танымал прокурор адамдардың өзіне деген ыстық ықыласына, жақсылық тілеген пейіліне ын көңілден ризашылығын білдірді.

Мемлекеттік айыптаушы мұндай өмірге ешқашан үйренісе алмайтынын айтты.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 05 Қазан, 2025 20:07
Талқылау