Петропавлда мас еркек автобуста 12 жастағы оқушыны ұрып кетті
Фото: Видеодан скрин
Петропавлда №2 бағытындағы қалалық автобуста мас адам оқушы қызға қол көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қоғамдық көлікке мінген екі ер адам мас күйде басқа жолаушылардың мазасын алған.
Шығатын есіктің жанында отырған екі мектеп оқушысының бірі ер адамдарға ескерту жасаған. Біраз сөз таластырған соң ер адамдар автобустан түспек болғанда олардың бірі оқушы қыздың бетіне қолымен ұрып жіберген.
Жолаушылардың бірі олардың балағат сөз айтып, қызға қол көтергеніне ашуланып, полиция шақыратынын айтты.
Ал автобус жүргізушісі дереу автобустың есіктерін жауып, екеуінің шығуына мүмкіндік бермеген. Жолаушылар жедел жәрдем мен полиция шақырды.
“Ұрып-соқы деген күдікті ер адам дереу анықталып, ұсталып, полицияға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті.
Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторында қамауда.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”