«Күйеуім қыз зорлады»: Келіншек мектепте орынбасар болып істейтін күйеуінің кім екенін айтып берді
Гүлнұр Әлімбетованың айтуынша, оның мектепте орынбасарлық қызметте істейтін күйеуі қыз зорлапты. Алайда, оның ісі сотқа жетпей ақшамен шешілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Бірінші мен келін болып түскенде ішімде бала болатын. Ол кезде Алматыда болған. Бір қызды зорлаған. Бірақ ол қызға ақша берген. Маған оның бір даяшы қыз екенін айтты. Бірақ басқа жағын білмеймін», - дейді Гүлнұр.
Айтуынша, қылмыстық іс қозғалған. Алайда, іс сотқа дейін жетпеген.
«Ол жетімдер үйінде жұмыс істеген. Ол кезде аспазшы қыз болыпты. Практиға келген. Ол қызды көлікте зорлаған сияқты. Қызға барып «Балаларымның әкесін соттатпашы» деп кешірім сұрадым. Ол кезде менің төрт балам болатын», – дейді Гүлнұр.
Гүлнұрдың сөзінше, күйеуі сол күні түнде келіпті. Содан бірден әйеліне көлігінің қаптарын шешіп, өртеп жіберуін бұйырған. Сол түні оны полиция келіп алып кетіпті.
«Кейіннен қыздың ағасы хабарласты. Ол өзінің қарындасын зорлаған айтып, оны құртатынын айтты. Зорлағанын естігенде қорқып кеттім. Кейіннен қызға барып кешіруін өтіндім. Бірақ ол қыз «маған үйленбесе кешірмеймін» деді», – дейді келіншек.
Тағы оқыңыз
Марқұм әншінің күйеуі Алматыда мүгедек қызды зорлады деген күдікке ілінді

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
