Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуім қатты ашуланып қалды": Дина Төреәліге белгісіз жан 1001 раушан гүлін жіберді

Белгілі блогер Дина Төреәлі оқыс оқиғаға тап болды. Белгісіз адам оған 1001 раушан гүлін жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tattti_kyz/

Белгісіз адамның әрекеті желі жұлдызының жолдасына мүлдем ұнамаған. Ол әйеліне мұндай сыйды берген адамның кім екенін анықтауға тырысты. 

“Бүгін мынандай сұмдық жағдай болып жатыр. “Курьер доставка цветов” деп жазған соң алдын ала қыздарым шығар деп ойлап штатив қойып мәз болып жүргенмін. Отбасы бар адамға мұндай пранк жасап керек емес. 1001 роза келгенде шок болдым. Кімнен деп ойлайсыздар, мысалы?! Енді ертең сағат 00.00-де шығу мына заманда бір жағынан қорқынышты екен”, – деп жазды блогер. 



Желі қолданушылары күйеуіңіздің өзі шығар деп жатса, бірі жақын достарыңыздың қалжыңы болуы мүмкін деп болжап жатыр. 

“Мен де қыздарымнан келген гүл деп ойладым. Күйеуім қатты ашуланды. Оның пранкы емес екенін түсіндім. Реакциясын көріп, өзім шошып кеттім. Анам мен әпкелерім де уайымдап жатыр. Олар емес екен жіберген”, – деп жазды Дина Төреәлі. 

Айта кетейік, ашуға булыққан отағасы гүлді жеткізген қызметкерді сұрақтың астына алып, гүлдерді қабылдамайтынын айтты. 

 

Талқылау