Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі өзінен жүкті болған 17 жастағы әйелін асып өлтірді деп айыпталып жатыр

Манук Мурадян деген азамат 9 мамыр күні зорлық-зомбылық жасап, өзінен жүкті болған 17 жастағы әйелін асып өлтірді деп айыпталып жатыр.

Бұл туралы әлеуметтік желілерде жария болды.

Әйел 4 күн бойы өліммен күрескен, бірақ Санкт-Петербургтегі балалар ауруханасында қайтыс болды. Марқұмның салмағы 35 келі болды, тұрмысқа шыққанда салмағы 50 келі еді. Қыз күйеуінің ұрып-соғатыны туралы өзінің отбасы мен туыстарына бірнеше рет шағымданған.

Қыз қарапайым отбасында өмір сүрді. Әкесі Мәскеуге туыстарымен жұмыс істеуге кеткенде қызына құда түсіп келген екен.

Қыз күйеуінің отбасына бірнеше рет шағымын айтып, өзін алып кетуін өтінді, бірақ анасы оған төзуге кеңес беріп, қайтып келсе ұят болады деп көндірген.

Өлімінен бір күн бұрын Лусина туыстарына 10 кг жоғалтқанын айтты. Үйден шығуға, айнаға қарауға қорқатынын жеткізді.

Манук үйге келмей, көңілдесімен бірге тұрды. Қыз оны үйге қайтару үшін қорқытпақ болады делінген жазбаларда. Күйеуі өзінің көңілдесімен бірге келіп, Лусинаны ұрып мазақ етеді. Әйелі есін жоғалтқанда Манук жедел жәрдем шақырып, қыздың психикалық ауруы бар екенін айтады. Оның өзіне қол жұмсамақ болғанын жеткізеді. 

Қазір тергеу жүріп жатыр. Мануктың өзі кінәсін мойындамайды, ал оның ағалары қыздың психикалық ауытқулары туралы жалған анықтама беруде.

Талқылау