Қазақстандық әйел Мысыр азаматы қызын ұрлады деп айыптады
Павлодар тумасы Гүлназ Мысыр азаматынан туған қызын қайтара алмай жүр. Айтуынша, күйеуі ортақ баласын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ELITAR.KZ басылымына сілтеме беріп.
"8 тамызда Мысырда демалыста жүрген күйеуім – Мысыр азаматы, басқа қаладағы әпкесімен кездесемін деген сылтаумен қызымды ұрлап кетті. Екі сағаттан кейін ол WhatsApp-қа хабарлама жіберді. Кот-д'Ивуарға қызымды алып ұшып бара жатқанын айтты. Егер мен қызымды қайта көргім келсе, оның айтқанын істеуім керек екен", – дейді Гүлназ.
Айтуынша, ол бірден Қазақстанның Мысырдағы елшілігіне жүгінген. Онда полицияда оны күйеуімен кездесу туралы өтініш жіберген. Бірақ ештеңе өзгермеген.
"Қазір бұл жағдай бойынша Мысыр Сыртқы істер министрлігіне нота жіберілді. Әзірге жауап жоқ. Олар осы аптада жауап беруге уәде берді", – деді Гүлназ.
Әйелдің айтуынша, күйеуі одан 11 тамызда Қазақстанға ұшуды талап еткен.
"Ол маған "11 тамызда Қазақстанға қайт, бес күннен кейін Кот-д 'Ивуарға виза жасап, билет жіберемін" деді”, – дейді әйел.
- "Екі жақты келісіммен молдаға некемізді қидырып, беташар өткізгенбіз": 24 жастағы қызды алып қашып, артынша зорлады деп айыпталған азамат өз шындығын айтып берді
- "Күйеуім пәтерімді, көлігімді тартып алып, ұлыммен далада қалдырды": Мүгедектігі бар баланың анасы төрт жыл бойы әділдік іздеп жүр
Елшілікте әйелге күйеуі талап еткендей әрекет етуге кеңес берілген. Алайда Қазақстанға оралса да, күйеуі сөзінде тұрмаған. Гүлназ күйеуі қызына Мысыр төлқұжаты мен азаматтығын заңсыз рәсімдейді деп қорқады.
Осы уақыт ішінде әйел қызымен телефон арқылы бір-ақ рет сөйлескен.
"Қызым жылады, ол орыс және қазақ тілдерінде сөйлейді. Күйеуім оны қалай түсініп жатыр екен, таңмын. Қазір балам қайда екенін де білмеймін. Сондай-ақ күйеуімнің соттылығы бар (полициямен төбелескен)", – дейді келіншек.
Гүлназдың өзі Павлодардан тумасы. Ол күйеуімен 2019 жылы үйленген, ажырасуға ниеті болмаған.
"Бәрі жақсы болатын. Неге олай істегенін түсінбеймін. Маған манипуляция жасағысы келген шығар. Ол Кот-д'Ивуарда бизнес ашуды жоспарлаған. Біз Қазақстанға келмек едік, үлкен қызымды мектепке дайындау керек болатын. Содан соң Кот-д'Ивуарға ұшпақ едік.
Ол Мысырда тұрды, мен екі ел арасында жүрдім. Барлығы өзара келісіммен болатын. Ол ешқашан біздің өмір сүру салтымызға қарсы болған емес", – деп еске алады ол.
Гүлназ жұбайымен Оманға іссапар кезінде танысқан.
"Мен Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік филармониясында жұмыс істедім. Жыл сайын бір ай бойы Оман Сұлтанатында өтетін фестивальге баратынбыз. Ол осы фестивальдің ұйымдастырушысы болды", – дейді ол.