Құшақтасып билеп жүрген Бүркіт пен Аиша жұртты сүйсіндірді (видео)
Танымал жұлдызды жұп Бүркіт пен Аишаның құшақтасып билеп жүрген сәтінің видеосы желі қолданушыларын сүйсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz.
Әнші Бүркіт Instagram желісіндегі парақшасында жұбайымен құшақтасып вальс билеген сәтінің видеосын жариялады.
Видеода ерлі-зайыпты Ринат Гайсиннің «Женщина» әніне билеп жүр.
Билеп жүргендерін видеоға түсіріп тұрғанын байқаған Аиша әзілдеп түрін өзгертіп, камераны қолымен жапты.
Видео 2 тәулік ішінде 350 мыңнан аса қаралым жинаған.
Өз кезегінде желі қолданушылары Бүркіт пен Аишаның биіне сүйсініп, жағымды пікірлер қалдырып жатты.
«Жұптарыңыз жазылмасын! Бақыттың болыңыздар!», «Күшті. Әдемі жарасып тұрсыздар», «Отбасыларыңызға мәңгілік махаббат тілеймін! Сіздердің нәзік сезімдеріңізге қараудың өзі керемет», – деп жазды желі қолданушылары.
Оқи отырыңыз:
Ерке Есмахан сүйіктісінен алған гүл шоғын көрсетіп мақтанды (фото)
Данэлия Төлешова Мәскеуде әйгілі ZAZ-бен бірге ән салады
Мақпал Жүнісова анасының тойдағы биін көрсетіп жұртты сүйсіндірді (видео)