Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күш құрылымдарының қызметкерлерін КамАЗ-бен басқан": Қызылордада қаңтар оқиғасына қатысқан ер адам 17 жылға сотталды

Қаңтар оқиғасы кезінде Қызылордада күш құрылымдарының өкілдерін КамАЗ-бен басып кеткпек болған ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жаппай тәртіпсіздікке қатысты, әскери қызметкердің өміріне қол сұғып, лаңкестік әрекет жасады деп айыпталған азамат К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, 2022 жылдың 5 қаңтарында сотталушы К., сауда үйінің алдындағы тәртіпсіздіктерге қатысып, әскери қызметші Т.-ға күш қолданып, әскери КамАЗ-ды тартып алған.

"Азамат К. жүк көлігінің рульіне отырып, шегініп бара жатқан әскери қызметшілерге қарай жүрген. Ол КамАЗ педальын едендегі кірпішпен басып, өзі көліктен секіріп кеткен. Нәтижесінде жүк көлігі әскери қызметші М.-ны басып кеткен. Алған жарақаттардан әскери қызметкер сол жерде көз жұмды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сотта прокурор сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыпталушының адвокаттары оны ақтауды сұрады.

"Әрекет ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады, оны жасағаны үшін ең жоғары жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде көзделген. Жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, күдкті 17 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп атап өтті сот.

Террорлық акт бойынша сотталушы ақталды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау