Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұндай жағдай әлемде болмаған": Павлодар облысында шұңқырға түсіп кеткен автобус екі аптадан бері табылмай жатыр

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов адамдарды іздестіру жалғасып жатқанын айтты. Алайда жағдайдың күрделі және қауіпті екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Вице-министр мамандар жердің түсірілімін жасағанын және автобустың тұрған жерін болжағанын айтты. 

"Құрылғы ол жерде металл бар екенін көрсетті. Оған қоса бос кеңістік бар екені анықталды. Сондықтан біздің құтқарушылар мен өзге органдардан шақырылған мамандар өте күрделі жағдайда жұмыс істеп жатыр. Себебі күн суық. Ол құтқарушылардың өміріне де қауіпті. Өйткені топырақ жылжыса, ол жердегі жұмыс істеп жатқан техника төмен түсіп кетуі мүмкін. Оқиға орнында барлық қауіпсіздік шарасы сақталып жатыр. Автобус болжамды жатқан жердің шетіне жақындады. 2 мың текше метр топырақ шығарылды. Енді эскалатор жұмыс істеп, ақырын топырақты шығарып жатыр", - деді вице-министр.

Бауыржан Сыздықов адамдардың тірі қалуы мүмкін деген болжам барын жеткізді. Дегенмен құтқару күрделі операция екенін атап өтті. 

"Біз барлық басқа елдердің тәжірибесін зерттедік, шынын айту керек, мұндайды еш жерден кездестірген жоқпыз. Қазақстанда мұндай жағдай  бірінші рет.Оң болжам бар. Бірақ әзірге нақты күні мен уақытын атай алмаймыз. Жағдай күрделі, ерекше операция. Өте мұқият жұмыс істеуді қажет етеді", - деді Сыздықов.

Еске салайық, жұмысы тоқтатылған "Майқайың алтын" шахтасының маңында автобус жер астына құлап кеткен. Құтқарушылар шұңқырға құлаған автобустың бөлшектерін тапты. Екі адамның мәйіті табылды. Өзге адамдар іздестіріліп жатыр.

Талқылау