Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күнсұлу Тұрғынбекқызы: Анам үнемі хабарласып жүрген телефон бір-ақ күнде үнсіз қалды

Күнсұлу Тұрғынбекқызы марқұм анасын еске алып, сағынышын жеткізді. Анасынан айырылған шақта өмірден құлазып кеткенін айтқан актриса анасы бар адамдарға өз кеңесін айтты.

“Үй телефоны болатын. Ол нөмірмен тек анам ғана хабарласатын. Ақ мамам деп сақталып тұрған. Бір күні сол нөмірден ешкім хабарласпай қалды. Ол нөмірге де ешкім хабарласпайтын болды. Сосын Қазақ телекомға хабарласып, телефонды алып тастауын өтіндім. Бастапқыда өшіре алмайтындарын айтты. Мен айттым: Анам ғана хабарласатын еді. Қазір хабарласатын анам жоқ. Он көрген сайын жүрегім ауырады. Өтінемін, нөмірді алып тастаңыздаршы дедім. Ол кісі бір сөзге келмей алып тастады”, – дейді актриса. 

Күнсұлу ханым анасы өмірден озған соң көп қатты құлазығанын айтады. Тіпті анасына ұқсайтын адамдарды көріп жүрегім ауырды дейді. 

“Базардан, басқа жерден анама ұқсайтын адамдарды көріп қалсам, қатты жүрегім ауырады. Сол кісінің артынан еріп жүре беретінмін. Солай сағынышымды басамын. Анамнан өмірде біліп-білмей істеген кемшіліктерім үшін кешірім сұраймын. Анам үшін өмірімнің соңына дейін анамның атынан жақсылықтар жасауға өзіме уәде бердім”, –деді театр әртісі. 



“Мақтау сөздің де түрлісі бар, біреу әдейі іздеп табады құлағы естігісі келгенін, біреу біреуге айтқызады, біреу мақтау үшін түрлі әрекетке барады. Әртүрлі парақша жалпы бүгінгі қазақ қыз келіншектерінің басында болып жатқан жағдайлар, күрмеуі шешілмей тұрған мәселелер өкпе назы, ішкі тебіренісі арман- мақсатымен ашық бүкпесіз сырласуды ғана қамтиды және тек әйел адамдар үшін. Қазір көп алдау мен алдану бар, түрлі сұлу ғұмыр кешушілер мен оған сүйсінушілер, сондай болғысы келіп жүректі дүниеге байлаушылар”, – дейді актриса. 

Күнсұлу ханым қазақ әйеліне кеңесін айтып, құр мақтан мен дүниеқұмарлықтан ада бол деген жазбасын арнады.

“Қарғаның аққу бола алмағаны сияқты пейілі тар періште бола алмайды. Адамға адам жақсылық қиып үйренсе ғой шіркін.
Үнемі күліп жадырап, өмірге шағымы аз, мұңының өшін шаттық пен қуанышқа айналдыра салатын шынайы сіз үшін дұғада бола алатын, ешқашан ешкімді сөз етпей жақсылыққа ұмтылып жүретіндердің жанынан табылшы қазақ әйелі, бәрі өзіңнің қолыңда!”, – деп жазды.

Талқылау