Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құралай Анарбекова: Алғашқы махаббатыма үйлену туралы ұсынысты өзім айттым, бірақ үйленбедік

Құралай Анарбекова жеке өміріне қатысты ашық айта бермейді. Алайда дәл қазір жеке өмірінде бәрі жақсы екенін айтып қалды. Актриса алғашқы махаббатына шаңырақ көтеру туралы ұсынысты өзі айтқанын мойындайды. 

Бұл туралы актриса “Менің өмірім” бағдарламасында айтты. 

Құралай Анарбекова ең алғашқы махаббатымен жолы екі жаққа кеткенін мойындады. Актриса сүйіктісімен бірге жүрген уақытта шаңырақ көтеру туралы ойлаған. Алайда ол жігіт дайын болмағандықтан, өзі өнер әлеміне кеткен екен.

“Ақтөбеден Алматыға келген шақта кездесіп жүрген жігітім болды. Ол өте жақсы жігіт еді. Ақылды болатын. Екеуміз студент едік. Ол оқу  оқып, жұмыс істеп жүретін. Мен өзімді бір отбасыға қарап, бала тәрбиелеп, аналық қызметімді атқаратын әйел ретінде сезіндім. Олай болмаған жағдайда, өнер әлеміне кетемін деп ойлайтынмын. Сол мақсатта сүйіктіме үйлену туралы ойымды айттым. Егер қазір бас қоспасақ, мен шығармашылыққа, мансап жолына кетемін дедім. Ол әлі де жұмыс істеп, ақша тапқысы келетінін айтты. Мені асырау қымбат екенін айтып күлді. Аздаған уақыт күт, сосын үйленеміз деді. Бірақ мен өз сөзімді айтқан соң кеттім. Мансап жолым басталды. Киноға кеттім. Шығармашылыққа арнадым”, –дейді актриса. 



Анарбекова осылшайша алғашқы махаббатымен жолы түйіспегенін айтты. Бүгінде оның өз отбасы, бала-шағасы бар. Екі жаққа кеткелі 10 жылдам астам уақыт өткен. 

“Мен оны көрмегеніме 10 жылдан асты. Оның үйленгенін, баласы барын естідім. Бастапқы жылдары бауыр басып қалғандай болдым. Кейін бәрі ұмытылды. Оны ойламаймын. Тағдыр солай болды”, –дейді актриса. 

Құралай ханым жеке өмірінде кездесіп жүрген азаматы барын жасырмайды. Алайда ол туралы жария еткісі келмейді. 

“Менің жеке өмірімде бәрі жақсы болады. Тұрмыс неге құрмайсың деп ел сұрайды. Әркімнің өз жоспары бар. Жігіт жоқтықтан тұрмыс құрмай жүрген жоқпын. Бес рет ажырасып келсем де, алтыншы рет күйеуге шығу қиын емес маған. Сондықтан жеке өмірге араласудың керегі жоқ деп ойлаймын”, – деді  ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр