Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күніне неше жеміс жейсің? Қазақстандық ата-аналар балаларынан алынатын әл-ауқатты анықтау сауалнамасына қарсы

Қазақстандық ата-аналар білім министрлігі отбасылық істерге араласты деп наразылық білдіріп отыр. Ата-аналар балалардың әл-ауқатының индексін шығару бастамасына қарсылық танытты. Оған отбасының материалдық жағдайы, тіпті бала тұтынатын жеміс көлемі де кіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Лейла Абдуллаева – 4 және 12 жастағы екі қыздың анасы. Қазақстанда мектептерде сауалнама жүргізу арқылы балалардың әл-ауқат индексін шығарғысы келетінін білгеннен кейін, үлкен қызына қандай да бір сауалнама толтыруға тыйым салған. Ол балаларға материалдық сипаттағы сұрақтар қою әдепсіздік деп санайды.

“Мен өзім оқытушылық саласында жұмыс істеймін. Көп адам қағазды тез-тез толтырып, әрі қарай телефон шұқылауға асығады. Сондықтан мұндай сауалнамадан толыққанды сенімді жауаптар шықпайды”, – дейді Лейла Абдуллаева.

Әл-ауқат индексі 56 индикатордан тұрады. Олардың үштен бірі сауалнамалар негізінде, қалғандары статистика мен министрліктердің ашық деректерінен алынады.

Қазақстандық ата-аналар одағының пайымдауынша, сұрақтардың бір бөлігі отбасының жеке кеңістігіне кіру, ал бір бөлігі жай ғана қате сұрақтар деп есептейді. Мысалы, балалардың өмірге қанағаттануы, буллинг немесе күн сайын жеміс жеу мүмкіндігі туралы. Сонымен қатар сұрақтарға 10 жастан асқан мектеп оқушылары жауап береді.

“Балаларды әртүрлі ойға итермелейді. Онда "иә", "жоқ" деген жауаптар жоқ, тек, мысалы, отбасындағы зорлық-зомбылық немесе мектепте зорлық-зомбылық бар ма деген сұрақ. “Жоқ” деген жауап мүлдем жоқ”, – дейді "Қазақстандық ата-аналар одағы" Қарағанды филиалының өкілі Елена Бантикова.

Білім министрлігі әл-ауқат индексі нақты отбасылар бойынша есептелмейді, тек қала, аудан, облыстар бойынша жалпы деректерді шығарады деп ескертті. Балалардың сауалнамасы ата-аналардың рұқсатымен жасырын жүргізіледі. 

“Үстелде карта жатады және қандай ауданда қандай мәселе проблема болып тұрғанын, облыс деңгейінде, мысалы, бюджетті қарау кезінде мәслихат депутаттары үшін көрінетін болады. Осылайша, билік жұмысты қай жерде күшейтіп, сол спорт түріне немесе әлеуметтік бағдарламаларға қосымша қаржы бөлу керектігін анықтап жатыр”, – дейді ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.

Талқылау