Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күні-түні ұйықтамайды": Астанада автобус апатынан аяғынан айырылған қыздың қазіргі жағдайы белгілі болды

Фото: Іnstagram.com/help.aluabeken

Астанадағы автобус апаты салдарынан аяғынан айырылған 8 жасар қыздың ағасы әлеуметтік желідегі парақшасында Алуаның жағдайы туралы жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, Алуа үнемі жылайды.

“Мүлдем ұйықтамайды. Күндіз де, түнде де. Сәл мызғып алсын деп дәрі беруге тура келеді. Сондай-ақ үнемі жылайды. Жылап, “аяғым қайда?” деп сұрайды. Бұл сұрағы біз үшін азаппен тең. Жалпы жағдайы қалыпты”, – деп жазды Алуаның ағасы.

Сонымен қатар балалар омбудсмені Динара Закиева Алуаның жағдайын білуге барды.

“Алуашқа бардым. Анасымен бірге оңалту мен протездеу мәселелерін талқыладық, кішкентай қызбен сөйлестік, кітаптар оқыдық. Ол біраз пицца жеді, үнемі көтеріп жүруді немесе далаға шығуды сұрайды", – деді Закиева.


Астанадағы автобус апатынан аяғынан айырылған 8 жасар қыздың отбасына 20 миллион теңгедей беріледі


Омбудсмен Алуаның отбасына қатысты мәселелер Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің бақылауында болатынын атап өтті.

Еске салсақ, Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшыраған еді. Автобус апатынан зардап шеккен жолаушылардың жағдайы туралы айтылды.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 09 Маусым, 2025 10:35
Талқылау