Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күндіз жүк тасушы болды": Жазира Байырбекова қара жұмыс жасағандары туралы

Жазира Байырбекова қара жұмыс істегендері туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі "Жеңіс шоу" бағдарламасына сілтеме жасап.

Күндіз жүк тасушы болды: Жазира Байырбекова қара жұмыс жасағандары туралы

Жұлдызды жұп Арал қаласынан Алматыға көшіп келіп, күн көріу үшін қара жұмыспен айналысқан. Бұл туралы Жазира Байырбекованың өзі айтып берді. Ұлкен сахна түгілі мейрамханада ән айту біз үшін жетістік болды дейді өнер иесі. Осылайша жұлдызды жұп жүк тасушыдан эстрада жұлдызына дейін көтерілген.

"Біз өнер жолын мейрамханада ән айтудан бастадық. Оған дейін біз қара жұмыс істедік. Жанболат күндіз жүк тасушы болды. Кешке екеуіміз мейрамханада ән айтамыз. Оның алдында жеміс-жидек сатамыз. Осындай қара жұмыстар жасап жүріп, мейрамханада ән айту ойымызға келді. Оның өзі бізге араман еді", - дейді Жазира Байырбекова.  

Одан бөлек, Жанболат пен Жазираны Аралдағы мәдениет үйіне де жұмысқа алмаған сыңайлы. Сол қиын шақтарды есіне алған Жазира Байырбекова өткен күндері туралы сырын айтты.

"Екеуіміз Аралдағы мәдениет үйіне бардық. Бір ғана орын бар, Жазираны аламыз, Жанболатты кейін аламыз дейді. Үйге барып, енемнен рұқсат сұрадық. Ол кісі "Екеуіңді бірге алмаса, кірмей-ақ қойыңдар" деді. Сосын екеуіміз де ол жұмысқа бармадық", - дейді Жазира Байырбекова. 

Талқылау