Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күндеріміз азаппен өтуде": Солтүстік Қазақстанда балабақшада күйдіргіш сілті ішкен бала мүгедек болып қалды

Солтүстік Қазақстан облысында бүлдіршін балабақшада күйдіргіш сілті ішіп алып, мүгедек болып қалған. Оқиғаның болғанына бір жыл болса да тәрбиешілердің ешқайсысы жазаға тартылмапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап. 

Максим Бардин өкінішті жағдайға түспес бұрын дені сап-сау, жайнақы бала болған. ЖРВИ-дың өзімен сирек ауырған көрінеді.  Оқиға 2020 жылдың 21 мамырында өзінің туған жері Есіл ауданының Николаевка ауылында болды. Бес жасар Максимді таңертең "Бөбекжан" балабақшасына апарып тастайды. 

Бірнеше сағаттан кейін оның анасы Наталья Топорищеваға Явленка ауданының орталығында орналасқан аудандық ауруханадан қоңырау шалады. Ұлының қатты уланғанын, жағдайы өте ауыр екенін хабарлайды. 

"Маған: “Балаңыз күйдіргіш сілті ішіп алып уланған, жағдайы өте ауыр, сондықтан мүмкіндігінше тез келіңіз” деді. Көлікті қалай шақыртқаным есімде жоқ. Аудандық ауруханаға ұша жөнелдік. Жедел жәрдем ұлымды Петропавлға, облыстық ауруханаға алып барайын деп жатыр екен. Мен көлікке көтеріліп, баламның қандай күйде екенін көрдім. Өте жанұшырарлық жағдай болды", – деп еске алады баланың анасы.

Белгілі болғандай, сол күні Максим балабақша спортзалында басқа балалармен ойнап жүрген. Бір уақытта мұғалімнен дәретханаға сұранған. Ал тәрбиеші оны жалғыз жібере салған. Бұдан соң су ішкісі келіп, өз тобына барады. Ол бөтелкеде судың таусылғанын көріп, бірақ жанында құтыда мөлдір сұйықтық тұрады. Бала оны су деп ойлап тұтастай ішіп қояды. Тиісінше, осыдан кейін жағдайы нашарлап, құлап түседі. 



"Ол күйдіргіш сілті, яғни сол маңдағы заттарды жууға арналған каутикалық соданы ішіп қойған. Күйдіргіш сілті сияқты улы заттарды балалар мекемесіне әкелуге болмайды. Тіпті балаларға қол жетімді жерде қалдыру қауіпті. Балабақша әкімшілігі бұл қарапайым әжетханаға арналған "Утенок" тазалаушы құралы екенін айтады. Біріншіден, мөлдір сұйық заттың судан ешқандай айырмашылығы жоқ. Максим оны су деп ойлап, ішіп қойған. Ол "Утенок" құтысын қолына да алмайтын еді. Максим негізі сақ бала болатын. Үйде ненің зиянды, нені ұстауға болмайтынын айтып үнемі түсіндіретінмін. Бес жыл ішінде ол ешқашан мұндай қауіпті затқа қол тигізбеген. Су деп ойлап, шатасып қалған ғой", – дейді Наталья Топорищева.

Дәрігерлер де күйдіргі сілті екенін айтады. Себебі ішектерін күйдіріп жіберген.  

Максим Бардин облыстық балалар ауруханасына ауыр халде түсті. Оған "өңеш пен асқазанның химиялық күйігі" диагнозы қойылды. Дәрігерлер бірнеше ота жасап, баланың өмірін сақтап қалды. Бірақ Максим қазір мүгедек болып қалған. 

Бала өздігінен тамақтана алмайды. Оған гастростома орнатылған, яғни іштегі тесік арқылы асқазанға апаратын арнайы түтік қойылған. Гастростоманың көмегімен жұтуға қабілетсіз адам ауыз қуысы мен өңешті өңешсіз, тамақтана алады. 

Көп ұзамай балаға өте күрделі операция жасалуы керек. Тиісінше, өңешті алмастыратын трансплантация қойылады. Дәрігерлер бірқатар тексерулердің бұдан басқа басқа амал жоқ екенін көрсеткенін айтады. 

Ауыр жағдайдан кейін баланың өмірі бұрынғыдай болмай қалған. Бала көп салмақ жоғалтып, көптеген ауырсынулар мен азапқа ұшырағанын айтады. 

Анасының айтуынша, бүлдіршіннің өңешіне шамамен 10 рет өте ауыр, тіпті үлкендер шыдамайтын азапқа толы процедуралар жасалған. 

Өткен жылдың қыркүйек және қазан айларында Максим Нұр-Сұлтандағы ана мен бала орталығында толық тексеруден өтеді.

"Онда Максимге ота жасалды. Дәрігерлер баламның органдарының жағдайына таң қалды. Өңеші, асқазаны бәрі күйіп кеткен. Олар тіпті операция жасай алмады. Асқазанын тіккен кезде бәрі құриды деді. Оның аман қалуының өзі бір таңғажайып екеін айтып таңғалды", – дейді баланың анасы. 

Максим мен анасы өткен жылдың қараша айында Нұр-Сұлтаннан оралған. Осыдан кейін бала өзін жақсы сезініп, тамақ ішіп, ойнап тіпті 24 келіге дейін салмақ қосқан. Алайда маусым айында өңеші толығымен істен шығып, 17 келіге дейін салмақ жоғалтады. 

Болған оқиғадан кейін осы факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 141-бабының 1-бөлігі "балалардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша іс қозғалды. Тергеу аясында бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

“Қазір іс тоқтатылды, полиция біздің соңғы операциямызды күтуде. Өйткені баланың денсаулығына келген зиянның ауырлығы туралы түпкілікті қорытынды қажет. Онсыз олар шешім қабылдай алмайтындарын жеткізді. Бірақ ең өкініштісі, балабақша ұжымы тыныш жұмыстарын жалғастыруда. Барлығы өз орындарында қалды. Ешкім ешқандай жазаға тартылған жоқ. Бастысы тергеу кезінде ешкімді жұмыстан шеттеткен жоқ. Бұл әділетсіздік туралы қатты ойлаймын. Балам осындай азаптан өтіп, дені сап-сау баладан мүгедек балаға айналды. Қалай мұндай немқұрайдылыққа жол бергендер бұрынғы өмірін жалғастырып, басқа балалар үшін жауапкершілікті өз мойнына алып жүр", – деп шағымданды Наталья.

Қазір отбасы баланы емдеуге көп қаражат жұмсауда. Дәрі-дәрмектер, таңғыштар, шприцтер, арнайы тамақ осының бәріне біраз ақша кетеді. 

"Тергеу аяқталғаннан кейін, әрине, біз сотқа материалдық және моральдық залалды өтеу үшін жүгінеміз. Біз сонша азапты бастан өткердік. Сондықтан бәрін жазасыз қалдыра алмаймыз", – дейді Наталья.

Алты жасқа толған Максим биыл бірінші сыныпқа барған. 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 09 Қыркүйек, 2021 17:45
Талқылау