AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күн көрісіміз қиындап кетті": Той жасауға рұқсат беруді талап еткен тараздықтар наразылыққа шықты

Таразда тойхана иелері мен жұмысшылары, той жасауға рұқсат беруді талап етті. Олар екі жылдан бері табыстарынан айырылғанын айтады. Жасырын той-томалақтың өтіп жатқанын жасырмайды. Бірақ ол күнделікті тамағымызға ғана жетеді деп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Бір емес үш тойхананың алдына жиналған кәсіпкерлер, екі жылдан бері коммуналдық төлемдерге шығындалып жатқанына ашулы. Онымен қоса несиеміз тағы бар дейді. Сондықтан жұмыс істеуге жол ашып берсін деп талап қойып отыр.

“Біз той жасаймыз, тығылып жасауға тура келіп жатыр. Өйткені біздің де, жұмысшылардың да кредиттері бар”, “Шынын айтқанда, күн көрісіміз қиындап кетті. Қазақстан Үкіметінен тойға, тойхананы ашуға рұқсат беруін сұраймыз. Көп адам болмаса да 100-150 адамға жасауға рұқсат берсін!”, – дейді олар. 

Жиналған наразы топтың сұрақтарына қала әкімінің екі бірдей орынбасары келіп, жауап берді.

“Ауырған әр адам "сен қайда жұқтырдың?” деп сұрайды. “Тойда жұқтырдым” деп жауап бересіз. Бұл қалай болғаны? Сіздер ауруханада болдыңыздар ма? Адамдардың көз жұмып жатқанын көрдіңіздер ме?”, – дейді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәулет Әбілқайыров. 

Ал екінші орынбасар тойхана иелерін сабырға шақырды.

“Тыңдаңыз! Тыңдаңыз! Заң аясында жұмыс істеуге құлшыныстарыңызды біліп тұрғандарыңызды көріп, естіп тұрмыз. Ойларыңыз, арыздарыңыз облыс басшылығы, министрлік басшылығы, еліміздің басшыларына жеткізіледі”, – дейді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев. 



Бас көтергендер шенділердің сөзін құлағынада ілмеді. Олар той бизнесіне шектеулер тыйылмаса, біз облыс әкімдігі ғимаратын алдына барып қонамыз деп бекініп отыр. Ең болмағанда ашық қосымшасы арқылы кіргізсе дейді.

Әкімдік шаһардағы 74 мейрамхана қожайындарының арыздары мен ұсыныстарын мемлекеттік санитарлық дәрігерге жолдаймыз деп уәде етті.

Талқылау
Пікір
Жомарт
13 Қыр, 21 жыл - 12:20

Сонда тойхана иесі байу керекте халық күннен күнге жалаңаштану керекпе, той ол әр үйдің жеке қуанышы,тойханадағы той тек ысырап.Сол тойдың кесірінен банкке жылдап кредит төлеп келеміз.Тойсызда өміріміз ойдағыдай өтіп жатыр.Тойханасын бала бақшаға айналдырсын немесе басқа кәсіп түріне. 

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр