Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күн 25 градусқа дейін жылынады: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

 "Қазгидромет" алдағы үш күнде, 2-4 сәуірде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Синоптиктердің мәліметінше, Иран аумағынан жылы ауа массалары келіп, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі деп болжанып отыр. Батыста сынап бағанасы +15+23 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта және елдің шығысында +8+18 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстігінде +17+25 градусқа дейін жетеді. 

Алдағы демалыс күндері батыстан Атлантикалық циклон ауыса бастайды, бұл негізінен жаңбыр жауып, елдің батысы мен солтүстігінде желдің күшеюіне себеп болады.

Ал республиканың қалған бөлігінде жоғары қысым әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Айнұр Мұхади
Жұма, 01 Сәуір, 2022 15:33
Талқылау