Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күмәнді көрінеді": Депутат Азат Перуашев "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасының табысын сынға алды

Коллаж: Stan.kz

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев “Самұрық-Қазына” қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың соңғы үш жылда миллиардерге айналғанын айтып, сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутаттың айтуынша, жеке кәсіпкер үшін мұндай табыс табу қалыпты жағдай, әрине. Бірақ мемлекеттік қаражат пен ресурстарға сүйеніп қызмет ететін адам осындай көлемде табыс тапса, бұл қоғам тарапынан күмән мен сұрақ тудырады.


"Басшылықтың бонусына 7 миллиард теңге": "Самұрық-Қазына” компаниясының топ-менеджерлерінің жалақысында қандай мәселе бар?


"Самұрық-Қазына" компаниялар тобы 1,4 триллион теңге дивиденд алды


“Ақ жол” фракциясы бірнеше рет квазимемлекеттік құрылымдардың, оның ішінде “Самұрық-Қазына” қоры мен ұлттық компаниялардың қызметін парламент бақылауына алуды ұсынды. Олардың бюджеті толықтай Парламентте қаралатын республикалық бюджетке енгізілуі тиіс. Бюджет кодексі аясында көпжылдық талаптарымыздан кейін есептер ұсыныла бастады. Біз бюджеттерді қараймыз, бірақ, өкінішке қарай, оларды бекітпейміз, тек есеп ретінде қабылдаймыз. Дегенмен бұл алғашқы қадам”, – деді депутат.

Сондай-ақ депутат бұл жүйені әрі қарай дамыту қажет екенін айтты. Оның сөзінше, парламент ақпаратқа қол жеткізіп қана қоймай, квазимемлекеттік секторды нақты бақылау тетіктеріне ие болуы тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін “Самұрық-Қазына” АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов 2022–2024 жылдар аралығындағы табыстары туралы декларация жариялағаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 14 Қаңтар, 2026 16:06