"Күмән бар": Ата-аналар жасөспірім қыздардың папиллома вирусына қарсы вакцинациялануына наразылық білдірді
Ата-аналар 2024 жылдан бастап жасөспірім қыздарды адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау үрдісіне белсенді түрде қарсы шығуда. Кейбіреулері вакцина жанама әсер етеді, денсаулыққа зияны бар деп қорқады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдармаласына сілтеме жасап.
Қазақстанда вакцинацияның қарсыластары күшейе түсті. Денсаулық сақтау министрлігі келесі жылы 11 жастағы қыздарды папилломаға қарсы вакцинациялай бастайтынын жариялаған соң, кейбір ата-аналар өздерінің наразылықтарын білдірді.
Айжан Ермекқызының қызы 10 жаста. Ол баласына вакцина жасата ма, әлде жоқ па, әлі шешпеді. Қалай болғанда да, ол аталмыш екпенің денсаулыққа зиян тигізбейтініне көз жеткізгісі келеді.
“Әлі шешкен жоқпын, күмән бар. Менің ойымша, басқа жасөспірімдердің вакцинациядан кейін қалай өткенін бақылап көреміз. Қызыммен тағы да кеңесіп, оның пікірін білген соң, екпе алғандардың пікірін сұраймыз”, – деді Шымкент қаласының тұрғыны Айжан Ермекқызы.
Ата-аналардың алаңдауы жөнді, өйткені сәтсіз тәжірибе болды. 2013 жылы жасөспірімдер папиллома вирусына қарсы егілді. Пилоттық жоба төрт өңірде өтті. Бірақ екі мектеп оқушысы ауырып қалғаннан кейін науқан тоқтатылды. Алайда зерттеушілер себеп вакцинада емес деген қорытындыға келді.
“2013-2014 жылдары вакцинацияланған қыздарды алдық. Вакцинация басталғаннан бері сегіз жылға жуық уақыт өтті. Қазір 750 қыз бар және олардан онкоцитология мен папиллома жағындылары алынды және оларда 16-17 кіші типті вирус анықталған жоқ. Ал бақылау тобындағы студенттер, жас қыздардың 40% -да папилломавирусы анықталды”, – деді медицина ғылымдарының докторы Диляра Қайдарова.
Папилломавирус жатыр мойны мен қынаптың, тік ішектің және тіпті көмейдің қатерлі ісігінің дамуына түрткі болуы мүмкін. Оның емі жоқ. Тек вакцинация түріндегі профилактика бар. Өткен жылы онкодиагноз екі мың қазақстандыққа қойылды. Статистика өсуде. Күн сайын Қазақстанда жатыр мойны обырынан екі әйел көз жұмады, бір жылда орта есеппен 660 адам бақилық болады. Жасөспірім қыздар ондаған елде сәтті вакцинацияланды. Ол келесі жылы Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне қосылады.