Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлпынайды денсаулығыңызға зиян келтірмейтіндей қалай дұрыс таңдау керек?

Құлпынай жазда пісетін ең бірінші жеміс. Құлпынайдың құрамында В, С дәрумендері, темір, бал, йод, цинк көп. Құлпынай жүрек, қантамыр жүйесін жақсартып, температураны басады. Оның құрамында аспиринде кездесетін салицил қышқылы бар.

klubnika

Құлпынайдың бірінші сұрпының сақталуы қиын болғандықтан тез бұзылады. Ел аузында энаприл дәрілерін қабылдап жүрген жандарға құлпынайды жемеу керек деген сөз бар. Ол дәрі құлпынаймен араласып бүйрекке күш түсіреді.

Асқазаны ауратын адамдарға да бұл жемісті жемеу керетігі айтылады. Сонымен қатар 6-7 жасқа дейінгі балаларға құлпынайды беруге болмайды. Тек соңғы піскен құлпынайды күніне 100 граммнан ғана беруге болады.

Құлпынайды кілегеймен немесе сүтпен жеген жақсы. Кілегей құлпынайдың реакция тудырушы күшін жояды.

http--www.gastronom.ru-binfiles-images-20150529-b81179e7

Құлпынайды қантпен жеуге болмайды. Сонымен қатар десерт ретінде жемеген жөн. Оны өзге жемістер секілді тамақтан бөлек уақытта жеңіз.

Құлпынайдың құрғақ, бүтін әрі жасыл қалпақшасы барларын таңдаңыз. Қою қызыл түсті құлпынайлар оның дәмділігін әрі толық піскенін білдіреді. Өйткені құлпынай үзіп алғаннан кейін түсін өзгертпейді. Алайда, адамдар құлпынайды оңай бояй алады. Сондықтан оның иісіне мән беріңіз. Толық піскен құлпынайдың иісі аңқып тұрады.

Жемісті базардан алуға тырысыңыз. Супермаркеттерде олардың жасанды түрі сатылады. Базарда көбіне жаңа терілгендерін сатады.

Құлпынай маусымы негізінде 3-4 аптаға дейін созылады. Оны тоңазытқышта сақтауға болмайды. Егер құлпынайды нитрат ретінде тоңазытқышта сақтаса, ол нитритке айналады. Мамандар құлпынайды үзіп алған уақыттан бастап екі тәулік ішінде жеуге кеңес береді.

Көп көлемдегі құлпынайды сақтау үшін 1-2 сағат тоңазытқышқа салуға болады, бірақ кейіннен жуып жүрмеңіз. Ол езіліп, барлық дәруменін жоғалтады. Басқа уақытта жуып жеген абзал.

Тағы да оқыңыз:

Қауынды қалай таңдаған дұрыс?

Қарбызды дұрыс таңдаудың 5 әдісі (фото)

Анар, банан және құрма: жемістердің пайдасы мен оларды дұрыс таңдау әдісі

Талқылау