Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлдықта ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі: Алматыда жеңгетайлардан қашқан қыз басынан өткен оқиғасын айтып берді

Алматы тұрғыны өзін құлдықта ұстар, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін айтты. Оның ісімен қорғаушы Айман Омарова айналысып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Құлдықта ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі: Алматыда жеңгетайлардан қашқан қыз басынан өткен оқиғасын айтып берді

Қорғаушының сөзінше, Сейфуллин даңғылында орналасқан притонда қазақстандық және Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстаннан келген қыздарды мәжбүрлеп ұстап отыр.

«Маған адамдар хабарласып, ұзақ уақыт бойы құлдықта болған қызға көмектесуімді сұрады. Бұл тек бір қызға қатысты емес. Қазақстандық және Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстаннан келген қыздар құлдықта болған. Мен ол қызбен сөйлестім. Ол анасымен бірге интернатта тұрғанын айтты. Анасы қайтыс болғаннан кейін интернаттан кетіп, жұмыс іздей бастаған. Оған бір таксист үй тазалығы бойынша жұмыс ұсыныпты. Алайда оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Түнде притонда жұмыс істей бастапты. Қыздың сөзінше, ол Сейфуллин мен Варшавскийдің қиылысында орналасқан. Оны үш апалы-сіңлілі бақылайды», – дейді Айман Омарова.

Сондай-ақ, қорғаушы Бас прокуратурадан аталған мәселеге назар аударуын сұрады.

Біз Бас прокуратурадан осы мәселеге назар аударып, қыздарды құлдықта ұстап отырған адамдарды табу үшін, комиссия, топ құруын сұраймыз. Бұл өздерін қорғауға қауқарсыз әйелдерге қатысты», – дейді қорғаушы.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда жеңгетайлардан қашқан қыз көліктен секіріп кеткен еді. Ол өзін құлдықта ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін айтты. 

ІІД мәліметінше, қыз интимді сипаттағы қызмет көрсетіп келген және тексеру жұмыстарының барысында бірнеше рет ұсталған. Ол 2009 жылдан бері Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында жезөкшелікпен айналысқан тұлға ретінде қылмыстық есепте тұр.

Оқи отырыңыз:

Астаналық дәрігерлер насыбайдан зардап шегіп, ем іздеген жасөспірімдердің көбеюіне алаңдаулы

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытатын шетелдік оқу орындарының тізімі өзгерді

Алматы облысындағы майордың өлімі: Төбелестен тірі қалған жалғыз адам аяқ асты күдікті болып шыға келді

Елімізде молдалардың өлім-жітімде құран оқып тапқан табысы бақылауға алынуы мүмкін

Талқылау