Құлап жатқан баласын тепкен ер адам жұмысынан қуылды
Бішкек тұрғыны жерге орналастыру басқармасында басшылық қызмет атқарған. Қырығызстанда өз баласын тепкен ер адам жұмыстан шығарылды.
Бұл туралы Sputnik Қырғызстан ақпарат агенттігі хабарлады.
Ер адам Мемлекеттік тіркеу қызметі жанындағы (МТК) Сокулук аудандық жерге орналастыру және жылжымайтын мүлікті тіркеу құқығы басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.
Ведомство қызметкерін жұмыстан шығару туралы шешімді МТК төрағасы Дастан Догоев қабылдады. 2 желтоқсан күні интернетте ер адамның жерде жатқан баланы ішінен бір тепкені түсірілген видео таралған болатын.
Сол күні Бішкек тұрғыны уақытша ұстау абақтысына жеткізілді. Қазіргі таңда Қырығызстан Қылмыстық кодексінің “Бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда Бариер Адиев кінәсін мойындамай отыр, ол жазбаның монтаждалғанын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Досының үйлену тойында көз жұмды: Алматы облысында болған адамшошырлық оқиғаның мән-жайы
Бейсен Құранбек Талдықорғандағы ұзын көшені “Жансүгіров” деп атауға қарсы шықты
Қарағандыда көлік ішінде “біреуді күтіп отырған адамның” өліп кеткені анықталды