Құқық қорғаушы: Зорланған баланы бейімдеу орталығына жатқызу керек
Ақтау қаласының «Мейірім» қоғамдық бірлестігінің басшысы Александр Муха ОҚО-дағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 7 жасар бала мен әжесіне қалай көмектесе алатынын айтты.
Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлады.
Сарапшының айтуынша, алдымен тәуелсіз сараптама жүргізу керек.
“Әдетте зорлық көрген балалар кез келген адамды жақсы қабылдамауы мүмкін, сондықтан жанында психолог жүру керек. ”
Сонымен қатар, баланың туыстарымен жұмыс істеку керек. Әсіресе әжесімен.
“Қазір жас ата-аналар мұндай мәселені жеңе алмай жатады. Жастар түгілі баланың әжесі де бұл жағдайда күйзеліске түсті. Сондықтан оларға міндетті түрде психологпен жұмыс істеу керек”, – дейді ол.
Оның айтуынша, зардап шеккен баланы зорлық-зомбылықтан аман қалған балаларға арналған мамандандырылған орталыққа немесе арнайы интернатқа жатқызу қажет.
Тағы оқыңыз:
Алматыда көлік сатумен айналысып, елдің 21 миллион теңгесін қолды еткен алаяқ ұсталды
Алматыда жетінші сынып оқушысы жоғалып кетті
Қазақ ақыны: Күләш Байсейітованың қызының тұрмысы нашар екен, көмектесейікші
“Харекет” қайырымдылық қоры Аягөзде үйсіз қалған отбасыға баспана алып бермек (видео)