Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік сатумен айналысып, елдің 21 миллион теңгесін қолды еткен алаяқ ұсталды

Алматыда арзан көлік алып беремін деп жұртты алдап келген 33 жастағы Микаэл Шагитов қолға түсті. Ол ломбардтан нарықтағыдан  арзан бағамен көлік алып берем деп жұртты алдап келген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Алаяқ  кейбір жәбірленушілерге көлігін қымбатқа сатып беремін деп, сан соқтырып кеткен. Осылай елді алдаған Микаэл өзгелердің  көлігін  иемденіп, оны  өз мақсатына пайдаланған.

«Аудандық ішкі істер бөліміне алаяқтың құрбаны болған бес адам шағымданды. Бұл жігітке алданғандар бұдан да көп болуы мүмкін. Микаэл Шагитов барлығы 21 миллион  теңге көлемінде шығын келтірді деген күдік бар. Күдікті бұған дейін осы тектес қылмыс жасағаны үшін істі болған. Бұл адамның алдауына түскендер болса, 254-47-00, 254-47-01, 254-47-02 телефондарына хабарласуын сұраймыз», – деді Бостандық аудандық ІІБ басшысы Дәурен Өтебаев.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жетінші сынып оқушысы жоғалып кетті

Қазақ ақыны: Күләш Байсейітованың қызының тұрмысы нашар екен, көмектесейікші

“Харекет” қайырымдылық қоры Аягөзде үйсіз қалған отбасыға баспана алып бермек (видео)

Астанада әкім атын жамылып мейрамханаларға 2 миллион шығын келтірген алаяқ ұсталды

Талқылау