Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күдебаев Солтүстік Кипрде қашып жүр деген ақпарат тарады

Серік Күдебаев ұсталған жағдайда, негізгі жазасынан бөлек, тағы 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір генералдың Солтүстік Кипрде жүргені туралы ақпарат тарап жатыр. Ал ол ел мен Қазақстан арасында қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім жоқ дейді заңгерлер.

“Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Косово және Солтүстік Кипрді жатқызуға болады. Себебі, бұл мемлекеттермен екі жақты келісімшарттар жоқ. Олар бізге қылмыскерді ұстап беруге міндетті емес”,  – дейді заңгер Бағдат Амандосұлы.

Сонымен қатар үй қамақта жүрген Күдебаевты көзден таса қылмай қадағалау керек болған қызметкерлерге де заң бойынша 7 жылға дейін жаза қарастырылған. Күні кеше сот генералдың 23 наурызда Қырғызстан арқылы Түркияға өтіп кеткенін растаған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның шекарадағы бақылау-өткізу пунктінің ешбірінен өтпегенін хабарлады. Қазір қашқын генералды іздеумен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен прокуратура айналысып жатыр.

 

Талқылау