Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуат Найман “Астананың” жеңілісінен соң Қазақстанда футболға тыйым салуды ұсынды

Қазақстандық аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Қуат Найман «Астана» футбол командасының жеңілісінен соң Қазақстанда футболға тыйым салуды ұсынды.

fe2cff8fb27aca29e700576d9024a211

Бұл жайлы спортшы желідегі парақшасында жазды.

«Мен Қазақстанда футболға тыйым салу керек деп баяғыдан-ақ айтып жүрмін. Оларға кеткен ақшаны боксшыларға, жүрегінде намысы мен жігері бар спортшыларға берсін. Олар өз ақшасына болса да, елдің туын көкке көтеруге дайын. Ал, футболшылар миллиондап ақша алып, стадионда ақымақтар секілді босқа жүгіріп жүреді. Сол ақшаға ауылды көтерсін. Біздің чемпиондар ауылдан шығады. Ал, мына футболистер америкалықтар секілді тек үйде ойнасын. Ел ішінде ғана. Менің сөзімде есте сақтаңыздар: спортшының қарны тоқ әрі баршылықта өмір сүрсе, одан ешқашан нәтиже көрмейміз. Чемпион болу үшін кедей өмір сүріп, табысқа жету үшін жанын сала талпыну керек. Сол кезде ғана нәтиже болады. Осыдан қорытынды жасаңдар!, – дейді Қуат Найман.

Айта кетейік, «Астана» командасы өткен ойында «Селтиктен» 5:0 есебінде жеңілген еді. Бұл Қазақстан үшін чемпиондар лигасындағы ең ауыр жеңіліс.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде кафеге келушілер 2500 теңге үшін әкімшіні өлтіріп, үш-ақ жылға сотталды

Адасып қалған студент қыз орманда бір ай бойы саңырауқұлақ пен жидек жеп күн көрген (фото)

20 мың доллар пара берді деп айыпталған шенеунік жаңа қызметінде 3 күн ғана отырған

Талқылау