Қуат Хамитов қазақстандық футболшылардың ұятты жеңілісіне қатысты өз ойын айтты
Танымал аралас жекпе-жек боксшысы Қуат "Найман" Хамитов франциялықтардың қазақстандық футбол құрамасын ойсырата жеңіуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстандағы футбол – жеңіл жүрісті қыз секілді, пайдасы болмаса да оларға ақша төлеу тоқтатылмайды. Алайда бәрінің үстінде шалдар отырған сыңайлы, олар жастардың ісіне мұрын сұққаннан басқа ешнәрсе білмейді. Футболға кететін қаражатты ауру адамдар мен тұрмысы төмен жандарға бөлген әлдеқайда орынды”, – деп жазады Хамитов.
Айта кетсек, қазақстандық футбол құрамасы Франция футболшыларынан 0:8 есебімен жеңілді. Бұл қазақстандық спортшылардың тарихтағы ең сәтсіз ойыны. Осылайша, Париждегі жеңілісімен Қазақстан құрамасы антирекордты жаңартты.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"