Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуандық Бишімбаевтың немере інісі: Мен үндей алмаймын, себебі қорқамын

Белгілі бизнесмен Санжар Алтаев желідегі парақшасында экс-министр Қуандық Бишімбаевпен туыстығы туралы айтып берді.

Безымянный

Фото: kapital.kz

“Қуандықтың анам жағынан немере ағам екенін ешқашан айтқан емеспін. Ол үнемі жұмыста болатындықтан біз сирек көрісетінбіз. Тіпті ол мен түгіл өз ата-анасымен де сирек қауышатын. Ол толықтай жұмысқа берілген адам. Мен оны отбасылық шараларда, той-жиындарда көріп жүрдім. Бірақ, сол сирек кездесулердің өзі маған үлкен күш-қуат беретін. Бұл үшін мен оған үлкен алғыс айтамын”, – деп бастады ол.

Кішкентай кезінде оны Қуандық каратэге үйретіпті. Ал мектепті бітіргеннен кейін Санжар Болашақ стипендиясынан бас тартады. Сол кезде Қуандық “Сенің жобаларың ешқайда кетпейді, Болашақтан бас тартпа” деп үгіттеген.

“Қуандық өзі мемлекеттік қызметте істегеніне қарамастан мені үнемі бизнеспен айналысуға үгіттейтін. Онымен 20 минут әңгімелесу менің көп уақытымды үнемдеді. Ол мені үнемі тәртіпті, таза болуға шақыратын Әрине, бірінші кезекке кәсібилікті қойды”, – дейді Алтаев жеке парақшасында.

“Біздің Қуандықпен ортақ достарымыз “Үндеме!”, “Қуандыққа қатысты ештеңе жазба”, “Ешкімнің ашуына тиме”, “Проблема туындайды” дейді. Сосын мен де қорқып, ештеңе жазбаймын. Тек ағамның тезірек босап шығуын тілеймін. Оның кінәсі әлі дәлелденген жоқ. Ол қалайда босап шығады деп үміттенемін. Ал мен Green Card сату үшін АҚШ-қа кетемін. Сол жақта бизнес жасаймын. Болашақ бойынша Қазақстанда жұмыс істеуге тиіс 5 жыл уақытым тәмамдалды. Бәрі кетіп жатыр. Барлық мықты жігіттер шет ел асып жатыр. Және олар қайтып келмейді. Міне, көрдіңіздер ме. Туған күніңмен, аға”, – деп жазады бизнесмен.

Бұған дейін Астана әкімі Әсет Исекешев те қамауда отырған бұрынғы министрді туған күнімен құттықтаған болатын.  Айта кетсек, экс-министрге бірнеше мәрте пара алды, сондай-ақ Қызылорда қаласындағы шыны зауытын салу кезінде 1 миллиард теңге жымқырды деген айып тағылып, ол 12 қаңтардан бері қамауда отыр. Қамау мерзімі 10 мамырға дейін ұзартылды.

Оқи отырыңыз:

Instagram желісінде «Елбасының бір күні» көрсетілді (видео)

Депутат: Тест сұрақтарында шоу-бизнес өкілі емес, халық қаһармандарының есімі тұруы керек

Сағынтаев Сапарбаевты клондауды ұсынды

Депутат: Қазақстан азаматтығын сұраушылар тарих пен қазақ тілден емтихан тапсыруы тиіс

Талқылау