Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚТЖ наурыз айына арналған теміржол билеттері неліктен сатылымға шықпай жатқанын түсіндірді

“Қазақстан теміржолшысы” басылымы наурыз айына арналған теміржол билеттері неліктен сатылымға шықпай жатқанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Басылымның дерегінше, 2024 жылға жоспарланған темір жолдарды жөндеу жұмыстарының ауқымына байланысты қазір пойыздар қозғалысының кестесіне штаттық түзету енгізіліп жатыр.

“2024 жылы шамамен 1400 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Соған орай, наурыз айына теміржол билеттерін сату мерзімінен кеш, ақпан айының басында ашылады”, – делінген хабарламада.



Елімізде қалыпты жағдайда билеттер сатылымы 45 тәулік бұрын басталады.

Еске салсақ, Жамбыл облысында екі теміржол қызметкерін пойыз қағып кеткенін хабарлаған едік.

Талқылау