КСРО санкцияларға қарамастан, мол табыстарға жетті - Путин
КСРО санкция кезінде де мол табыстарға жеткен. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Кеңес Одағы санкция шарттары кезінде де өмір сүрді, дамыды және мол табыстарға жетті", – деді Путин.
Ол Ресейге қарсы салынған санкциялар экономикалық және технологиялық тәуелсіздікті нығайтуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Путиннің болжамынша, санкцияларға қарсы тұру Ресейге пайда әкеледі, себебі "бұған дейін де солай болған".
"Біздің дамуымызды шектеуге олар бұрын да талпынған, қазір де кең көлемде талпынуда. Ол анық", - деді Ресей президенті.
Бұған дейін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейге қарсы санкциялардан ел экономикасы шеттетіліп қалмайтынын айтқан еді.
Оның пікірінше, ертелі-кеш Еуроодақ елдері Ресейдің "ұстанымын түсініп", айқын нәрселерді түсіне бастайды. Ал олардың қазіргі шешімдері эмоцияның жетегінде қабылданған.
Бұған дейін Путин мен Лукашенко 18 ақпанда Мәскеуде кездескен болатын. Ол кезде мемлекет басшылары еуропалық қауіпсіздік, сауда-экономикалық қатынас пен одақтастықты дамыту мәселелерін қарады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
