Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналду Головкинге «Реал» жейдесін сыйлады (фото)

Мадридтік «Реал» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду клубтың футболкасына қолтаңбасын қойып, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге сыйға тартты. Алайда, футболшы Головкиннің тегін қате жазған.

о

Сурет: BNews.kz

«Криштиану жекпе-жек спорт түрлеріне қызығады және Головкиннің бірнеше кездесуін тамашалап, оның қабілетіне тәнті болған», – дейді «Қазақстан спорт технологиялары компаниясының бас директоры Арнұр Ыбыраев.

1834543-38688091-2560-1440

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бала күнінде спортты футболдан бастаған. Кейіннен оны ағалары футболдан боксқа ауыстырып алады.

Отандасымыз бір жолғы сұхбатында әлі күнге футболға қызығатынын және португалиялық Криштиану Роналду оның сүйікті футболшысы екенін айтқан. Тіпті, ол футболшы жайлы хабарларды біліп отыру үшін инстаграмдағы парақшасына жазылғанын да айтты.

Талқылау