ҚР жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының орынбасарлары тағайындалды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының төраға орынбасары болып Алик Шпекбаев пен Талғат Татубаев тағайындалды.
Бұл туралы Ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлайды.
«ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2016 жылдың 12 қаңтарынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның төраға орынбасарлары болып Алик Шпекбаев пен Талғат Татубаев тағайындалады», – деп жазылған сейсенбі күнгі жарияланған ақпаратта.
Талқылау