Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР ІІМ азаматтардан Ақтөбеде қаза тапқандардың есімін анықтауға көмек сұрады

Қазақстан ІІД азаматтарды Ақтөбе облысындағы қаза тапқандарды тануға, қандай да бір ақпарат білетіндер болса көмектесуді сұрады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы Самара-Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болған еді.

Өзбекстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі өрттен қаза болған 29 өзбекстандықтың тізімін жариялады.

«Қаза болғандардың мәйіттерін анықтауға байланысты қиындықтар туып отыр. 2018 жылдың 12-13 қаңтарында Қазақстан арқылы РФ-тің Қазан қаласына бағыт алған Өзбекстан азаматтары жайында тиісті ақпарат болса ҚР Ішкі істер министрлігіне немесе Өзбекстанның ТЖМ-іне хабарлауды сұраймыз», – деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Сондай-ақ, ақпаратта сапарға шыққандардың ұялы телефонының нөмірін, сонымен қатар кез келген қосымша деректерді атап көрсету сұралып отыр. Бұл ретте қаза болғандардың ерекше белгілері, төлқұжат нөмірі мен оның көшірмесі, фотосуреттері және басқа да мәліметтер іздестірілуде.

ҚР ІІД байланысу үшін:  8-7132-56-29-67, 8-7132-56-68-85, 8-7132-93-61-55, 8-7132-72-90-50 (факс).

Өзбекстан ТЖД баайланыс нөмірлері:  +998-71-147-10-50, +998-71-212-67-00.

Тағы оқыңыз:

Шетелдік әуекомпаниялар Қазақстан әуежайын қолданудан бас тартып жатыр

Еліміздің барлық мешітінде жұма намазында өрттен қаза болған өзбектерге дұға жасалады

Қорғаныс министрлігі кімдердің әскери борышын өтемеуге болатынын айтты

Шымкент тұрғыны жүкті әйелін оңдырмай ұрып, құрсағындағы сәбиін өлтіріп тастады

 

 

Талқылау