Көзіңе қара! Қазақ тілінде ақыл-кеңес беру мағынасында қолданылатын тұрақты тіркестер
Қазақ тілінде күнделікті өмірде жиі қолданатын, бірақ көбі мағынасына үңіле бермейтін тіркестер бар. Бүгін ақыл-кеңес беру мағынасын беретін сөз тіркестерінің топтамасын ұсынамыз.
- Көзіңе қара! Абайла деген мағынада қолданылатын тіркес. Тікелей мағынасына үңілсек, адам өз көзіне өзі қарай алмайды.
- Көзіңді аш! Көзді ашуға ешқандай қатысы жоқ, сананы ашу, дамыту деген мағына береді.
- Көз жазып қалма! Белгілі бір нәрсені жоғалтыпа алма, жолдан адасып кетпе деген мағынаға саяды.
- Құлағыңды түр! Жақсы әңгіме айтылғанда ескер, жадыңа түйіп ал деген мақсатта айтылатын тіркес.
- Көзіңді сал! Мән беріп, қарау, назар аудару.
@stan.kz Қазақ тілінде ғана бар кеңес беруде қолданатын тұрақты тіркестер
♬ оригинальный звук - STAN KZ
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”